Жапонияда жүк кемесі қайырға соғып, теңізге жанармай төгілді

Жапонияның солтүстігіндегі Хатинохе айлағында Панама туымен жүрген жүк кемесі қайырға соқты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн райының қолайсыздығынан туған апаттан кеме екіге бөлініп, салдарынан теңізге жанармай төгілген. Ол 5 шақырым жерге жайылып кетті. Жергілікті жағалау күзетінің хабарлауынша, Crimson Polaris бортында 21 экипаж мүшесі болған. Бәрі дін аман.