Бейжіңде «жасыл аймақтарда» тұратын оқушылар ғана мектепке бара алады

Бейжіңде «жасыл аймақтарда» тұратын оқушылар ғана мектепке бара алады

Оқу жылы көзделгендей қыркүйектің бірінде басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық білім беру комитетінің өкілі хабарлады. Алайда балалар мен ұстаздарға топқа жиналуға, бұқаралық шараларға қатысуға және COVID-19 дерті анықталған аудандарға баруға тыйым салынды. Ал орта қауіпті саналған аймақтарда тұратындар эпидахуалдың түзелуін күтуі тиіс. Осыдан кейін ПТР-тест тапсырып, мектепке бара алады. Бейжіңде осындай екі аймақ бар. Қазір елдегі 227 ауданда локдаун тәртібі енгізілген.

Ли И, Бейжің білім беру комитетінің ресми өкілі:

– Қытайдан тыс жүрген мұғалімдер, студенттер және бала бақша қызметкерлері мүмкіндігінше тезірек Бейжіңге оралуы тиіс. Денсаулығын 14 күн бойы бақылағаннан кейін, олар мектепке бара алады. Қолдарында мерзімі екі күннен аспайтын ПТР-тест қорытындысы болуы керек.