Орман өрті: Алжирде алдағы үш күн қаралы деп жарияланды

Алжирде орман өртінен қаза тапқандардың саны 69-ға жетті.

Марқұмдардың 28-і әскери, 41-і жергілікті тұрғын. Мерт болғандардың көбі Тизи-Узу провинциясының тұрғындары. Қазір 12 әскери ауыр халде жатыр. 

Тілсіз жаумен күресу үшін көмекке Еуроодақ елдерінің ұшақтары тартылды. Олар бұған дейін Грекиядағы өртпен арпалысқан. Ел президенті алдағы 3 күнді қаралы күн деп жариялады. Өртті ауыздықтау үшін аймақтағы аптап ыстық пен қатты жел кедергі келтіруде. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Солтүстік Африка өңіріндегі  46 градус температура аптаның соңына дейін сақталуы мүмкін.