Үндістанда лай көшкінінен қаза тапқандар саны 13-ке жетті

Үндістанның солтүстігіндегі лай көшкінінен қаза тапқандар саны 13-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін 11 адамның құрбан болғаны және 13 тұрғынның із-түссіз жоғалып кеткенін хабарланған. Қайғылы жағдай Химачал-Прадеш штатының таулы аймағында болған. Оқиға орнында әлі құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар бұған дейін қираған автобустың қалдықтарын тапты. Лай көшкіні жол бойына құлаған еді. Үйінді астында шамамен 40-қа жуық адам қалып қойды.

Джай Рам Такур, құтқару операциясының басшысы:

– Біз құтқару операциясын таңсәріде бастағанбыз. Оқиға орнынан 3 адамның жансыз денесін таптық. Іздеу жұмысы жалғасуда.

Сондай-ақ...