АҚШ-та аптаптан жүздеген тұрғын көз жұмды

Калифорниядағы Дикси өрті штат тарихындағы ең ірі тілсіз жауға айналды. От 195 мың гектар аумақты шарпыған.

Әзірге қызыл жалынның тек 22 проценті ғана бақылауға алынған. Оны сөндіруге күннің ыстығы мен жел кедергі етіп отыр. Жалпы биыл осы аптаптан жүздеген америкалық көз жұмған екен. Алайда сұмдықтың бәрі әлі алда секілді. Мамандар алдағы күндері аномальді ыстық күтілетінін болжап отыр. Метеорологиялық қызметтің ескертуіне сәйкес, ол 150 миллион тұрғынға әсер етуі мүмкін.  

СИЦИЛИЯДА ТЕМПЕРАТУРА 48,8 ГРАДУСҚА ДЕЙІН КӨТЕРІЛДІ     

Италияда да ұқсас жағдай. Сицилия аралында термометр бағаны 48,8 градусты көрсеткен. Кейбір мамандар мұндай температура Еуропада алғаш рет тіркелгенін айтады. Алайда Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өкілдері мұны әлі растау үшін тиісті тексерулер жүргізу керек. 

Паоло Лонго, Орман қорғау қызметінің инспекторы:

– Биыл қиын жыл болды. Бәріне аптап ыстық себеп. Енді келесі жылы орман өртінің алдын алу жұмыстарын ерте бастап кету керек.

ЕГІС АЛҚАПТАРЫ ҚУРАП ЖАТЫР   

Чили жұрты да аптап ыстықтың зардабын тартып отыр. Елді соңғы он жылда болмаған қуаңшылық жайлады. Қазір мұнда қыс маусымы. Мамандар шілдеде жаңбыр мен қар жауа ма деп күткен еді. Бірақ олай болмады. Қыс мезгіліне қарамастан, ауа температурасы жоғары. Салдарынан өзен-көлдердегі су деңгейі төмендеп, егіс алқаптары қурап жатыр. Осы мәселеге байланысты арнайы топ құрылды.      

Альфредо Морено, Чили азаматтық инфрақұрылым министрі:

– Қазіргі жағдай күрделі. Қуаңшылықтың жалғасып жатқанына 13 жыл боды. Әдетте ол ары кетсе 4 жылға созылатын. Бұл метеобақылау тарихындағы ең ұзақ құрғақшылық.

Андрес Куве, Чили ғылым және технология министрі:

– Бізде су мәселесі бұрыннан бар проблема. Алайда сұмдықтың бәрі алда. 2040 жылы тіршілік нәрінің тапшылығы туындауы мүмкін. Кейбір өңірде жауын-шашын 80 процентке аз түсті.

ҒАЛЫМДАР ПАРИЖ КЕЛІСІМІНЕ КҮМӘНМЕН ҚАРАЙДЫ  

Негізі БҰҰ 2015 жылы климат бойынша Париж келісімін қабылдаған. Оның мақсаты - парниктік газдардың мөлшерін азайту. 2100 жылға дейін орташа жылдық температураның 2 градустан артық көтерілуіне жол бермей, көрсеткішті 1,5 градус шамасында ұстап тұру. Алайда ғалымдардың біразы ауаға бөлінетін зиянды заттар мөлшерін айтарлықтай азайтқан күннің өзінде де бұл мүмкін еместігін айтып отыр. 

Сондай-ақ...