Үндістанда жарты миллионнан астам адам тасқыннан зардап шекті

Үндістанның солтүстігін су басып жатыр. Табиғи апаттан 9 адам ажал құшқан.

Тасқынға толассыз құйған ақ жауын себеп. Салдарынан өзендер арнасынан асып кеткен. Әсіресе Уттар-Прадеш штаты қатты зардап шекті. Аймақта 500 мыңнан астам тұрғын жарықсыз және азық-түліксіз қалды. Мыңнан аса елдімекенді су басты. Билік адамдарды уақытша шатырларға орналастырып жатыр. Метеоролгтар жауын-шашын әлі бірнеше күн жауады деп отыр.

Пракаш Ядав, жергілікті тұрғын:

Бүкіл мүлкімізден айырылдық. Бір жануарымыз опат болды. Барлық үйлер мен көпірлер қирады. Көмекке мұқтажбыз.