Мексикалық мигранттар АҚШ-қа шекара асудың жаңа амалын тапты

Мексикалық мигранттар АҚШ-қа келудің жаңа амалын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар шекара бойындағы Рио-Гранде өзені арқылы түнгі уақытта өтіп жатыр. Жағаға жеткен кірмелерді америкалық шекарашылар күтіп алуда. Мигранттардың айла-тәсілімен елге келуіне Ақ үй басшысы Джо Байденнің жарлығы себеп. Ол қоғамды коронавирус індетінің таралуынан қорғау мақсатында мексикалық тұрғындардың шекара асуына тосқауыл қойған болатын. АҚШ әкімшілігі қолға түскен келімсектерді елдеріне кері қайтарып әлек. Шілде айында ғана заңсыз шекара асқан 210 мың кірме ұсталған. Америкада жағдайы мүлде нашар мигранттар мен ата-анасыз келген балалардың ғана қалуына рұқсат етілген.