Үндістанда ғарышқа зымыран ұшыру сәтсіз аяқталды

Үндістанда ғарышқа ұшпақ болған зымыран көкке көтеріле алмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зымыран-тасығыштың үшінші басқышы іске қосылмай қалған. Елдің Ғарыштық зерттеулер ұйымы бұл сәтсіздікті «техникалық ақаудан болды» деп түсіндірді. Тасымалдағышта жердегі табиғи апаттар жауын-шашын бағыты және басқа құбылыстарды ғарыштан бақылауға арналған салмағы 2 тонналық жерсерігі бар еді.

Ар Си Капур, астрофизика институтының профессоры:

- Бастапқы 2 басқыш іске қосылғанымен, үшіншісі әрекетсіз қалды. Бұл ең маңызды бөлік болатын. Себебі ауыр жерсерігін көтеруге мүмкіндік беретін қозғалтқыш осында орналасқан. Үмітіміз зор болатын.

Сондай-ақ...