Үндістан жарты миллионнан астам адам тасқыннан зардап шекті

Үндістанның солтүстігін су басып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғи апаттан 9 адам ажал құшқан. Тасқынға толассыз құйған ақ жауын себеп. Салдарынан өзендер арнасынан асып кеткен. Әсіресе, Уттар-Прадеш штаты қатты зардап шекті. Аймақта 500 мыңнан астам тұрғын жарықсыз және азық-түліксіз қалды. Мыңнан аса елді мекенді су басты. Билік адамдарды уақытша шатырларға орналастырып жатыр. Метеоролгтар жауын-шашын әлі бірнеше күн жауады деп отыр.

Пракаш Ядав, жергілікті тұрғын:

- Бүкіл мүлкімізден айырылдық. Бір жануарымыз опат болды. Барлық үйлер мен көпірлер қирады. Көмекке мұқтажбыз.