Кабулдағы Еуроодақ қызметкерлеріне саяси баспана берілуі мүмкін

Бельгия Ауғанстандағы Еуроодақ елдерінің өкілдеріне қауіп төнуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіре бастады.

Айтуынша, одақ қызметкерлері «Талибан» қозғалысының репрессиясына ұшырауы мүмкін.

Айта кетейік, Еуроодақ ұйымының мамандары көбінесе жергілікті тұрғындар. Ал, Ауғанстан елі Еуроодақтың қауіпті деп таныған мемлекеттердің тізіміне кірмейді. Сондықтан осы ел тұрғындары Еуроодақта уақытша баспана алу құқығына ие бола алмайды. Бұл мәселе тамыздың 18-і күні Еуроодақ елдерінің Сыртқы істер министрлері қатысатын бейнеконференцияда кеңінен талқыланбақ.

Набилла Массрали, Еурокомиссия өкілі:

- Халықаралық қарулы күштердің Ауғанстаннан шығуынан Кабулдағы ауған қызметкерлеріміз «Талибан» қозғалысының репрессиясына ұшырауынан қорқады. Сондықтан саяси баспана сұрап отыр. Еуроодақ қауіпсіздік мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Оны шешу үшін одақ елдерімен тығыз байланыстамыз. Халықаралық қорғау немесе виза беру мәселесі тек Еуроодақ елдерінің құзыретінде.