Жапонияда су тасқынынан 3 млн адам эвакуацияланбақ

Жапонияның оңтүстік-батысы су астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта бірнеше күн толассыз жауған жауын-шашын тасқынға ұласқан. Кей жерлерде лай көшкіні басталды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, табиғат апатынан 4 адам опат болды. Тағы бірнеше тұрғынның тағдыры беймәлім.  Жергілікті билік апатты деп танылған аймақтардан 3 млн тұрғыны эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Мамандар халықты барынша сақ болуға шақырып отыр. Қазір аймақта қауіптіліктің жоғарғы деңгейі жарияланды. Ал, апаттан зардап шеккендерге арнайы орталық ашылды.