Алжирдегі орман өртін сөндіруге жергілікті тұрғындар көмектесіп жатыр

Алжирде орман өртіне қарсы күрес жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушыларға жергілікті тұрғындар көмектесіп жатыр. Осылайша, қарапайым құрал ұстаған адамдар бірнеше үйді оттан аман алып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, африкалық елдегі өрт өткен аптада тұтанған. Табиғи апаттан әсіресе, Тизи-Узу қаласы қатты зардап шекті. Соңғы мәлімет бойынша өрт салдарынан 69 адам ажал құшқан.

Блиц:

- Желдің екпіні күшті. Өрт өршіп барады. Отты сөндіруге техника жетіспей жатыр. Қарапайым адамдар көмектесіп жүр. Олардың көбі жарақат алған.

Сондай-ақ...