Жапонияда толассыз нөсер соңы лай көшкініне ұласты

Жапонияның Нагасаки префектурасында лай көшкінінен 1 әйел қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бір адам құтқарылды. Бұдан басқа, 2 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Соңғы 3 күн бойы 4 префектура аумағында толассыз жауған нөсер соңы тасқын мен лай көшкініне ұласты. Билік халықты шұғыл көшіруге шешім қабылдады. Енді құтқарушыларға 2 миллионға жуық адамды көшіру керек. Метеорологтар жауын-шашын әлі бірнеше күнге созылуы мүмкін деп ескертті.

Рюта Кюрора, метеоролог:

- Өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қалғыңыз келсе, басқа жаққа көшу туралы нұсқауды бұлжытпай орындаған абзал. Барлық ақпарат ашық көздерде тұр. Өз қауіпсіздігіңізге бей-жай қарамаңыз.