Ирландияда 12 мен 15 жас аралығындағы балалар вакцина алады

Ирландияда 12 мен 15 жас аралығындағы балалардың бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы вакцина алуына болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет оларға «Pfizer» және «Moderna» екпелерін салдыруға өткен айда рұқсат берген. Аталған препараттарды қолдануды Дәрі-дәрмек жөніндегі еуропалық агенттік мақұлдаған. Тек жеткіншектерге ата-анасының кемінде біреуінің немесе қамқоршысының келісімі керек. Ирландиямен көршілес Ұлыбритания алдағы апталарда 16-17 жастағы жасөспірімдерге вакцина салуды жоспарлап отыр.

Эва Синнот, 12 жастағы бала:

- Мен вакцина салдырғаннан қорықпаймын. Одан еш зиян жоқ екенін жақсы білемін. Бірақ ине көрсем бойым қалтырай бастайды. Қатты қорқамын.

Роберт Рейд, жұқпалы аурулар институтының профессоры:

- Негізі ересектер балаларға қарағанда коронавирусқа тез шалдығады. Бірақ үлкендер жеткіншектерге жұқтыруы мүмкін. Сондықтан балаларға дер кезінде вакцина салған оңды болады.

Сондай-ақ...