Грузияда найзағай бір отар қойды жайратып кетті

Грузияның оңтүстігінде жай түсіп, 500-ден астам қойды жайратып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қойшының өзі естен танып қалған. Бұл – Абули таудың етегінде болған жағдай. Билік өлген қойларды сол маңға көмбек. Себебі басқа жаққа апару мүмкін емес. Алдын ала есеп бойынша, материалдық шығын 53 мың доллардан асуы мүмкін. Отарға ие шаруа жергілікті биліктен көмек сұрап отыр. Жағдайды нақты білу үшін арнайы комиссия құрылды.