Сан-Диего маңындағы жағалауда акулалар адамдармен емін-еркін жүзіп жүр

АҚШ-тың Сан-Диего қаласына жақын маңдағы жағалауда акулалар емін-еркін жүзіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір қызығы, бұлар жыртқыш болғанымен, жанында шомылып жүрген адамдарға тиіспейді. Ғалымдар Тынық мұхитын мекендейтін акулалалардың бұл түрі қауіпсіз және көбі буаз аналық екенін алға тартады. Олар Сан-Диего жағалауына жылына 2 рет – жазда және күзде келіп кетеді екен.