Қытайда жер астында 19 кенші қамалып қалды

Қытайда су тасқынынан кейін лай көшкіні жүріп, көмір кен орны опырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 1 адам қаза тапты. Тағы 19 кенші жер астында қамалып қалған. Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Апат себебі де анықталу үстінде. Төтенше оқиға елдің солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясының Гангцауезінде болған. Апат кезінде жер астында 21 адам жұмыс істеп жүрген. 2 адам құтқарылды. Өкінішке қарай, кейін біреуі жан тапсырды. Жарақат алған екіншісі ауыр халде жатыр.