Өзбектер Ресей нарығын бағындырмақ

Өзбектер Ресей нарығын гүл өнімдерімен де жауламақ. Яғни экспортты арттырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гүл өсіру ісі Өзбекстанда мемлекет деңгейінде қолдау тапты. Тақауда гүл өсірушілердің қауымдастығы құрылып, кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету жайы да бекітілді. Енді 1 қыркүйектен бастап Үкімет гүл өсіруге қажетті шикізатты импорттау үшін жолға кеткен шығынның 50% субсидиялайды. Тағы бірқатар тұқым үшін кедендік баж салығын да алып тастады. Бұндай қолдаудың арқасында кәсіпкерлер еш уайымсыз гүл өсіріп, шетелдерге экспорттай алады. Былтыр өзбекстандық кәсіпкерлер Ресейге 35 млн долларға гүл сатқан.