Солтүстік Корея бойынша келіссөздерді Қазақстанда өткізу ұсынылды

Солтүстік Корея бойынша келіссөздерді Қазақстанда өткізу ұсынылды

Солтүстік Кореяның ядролық мәселесі бойынша келіссөздерді Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда өткізуге болады. Бұл туралы қазақ елі Президентінің алдағы уақыттағы сапарына арналған жиынға қатысушылар мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары 16-17 тамызға жоспарланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар Қазақстан президенті 2019 жылы коронавирус басталғаннан бергі уақытта Кореяға келетін алғашқы Мемлекет басшысы екенін айтады. Сондай-ақ жиынға қатысушылар екі ел логистикалық-транспорттық жүйені дамыту, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларын цифрландыру жұмыстарын бірлесе атқара алады деп есептейді.

Ко Дже Нам, Еуразиялық саясат жөніндегі Корея институтының директоры:

- Қазақстан Солтүстік Кореяның ядролық мәселесі бойынша келіссөз орны бола алады. Бұл елде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздердің өткені белгілі. Бұдан басқа Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы келісімшарт. Корея түбегін қосып, Солтүстік-Шығыс Азияда ядросыз аймақ құру қажет. Солтүстік Кореяны осы келісімшартқа қосылуға көндіру керек.