Ливанда жарылыстан 28 адам ажал құшты

Ливанның солтүстігінде мазут тиеген танкер жарылып, 28 адам ажал құшты. Тағы жүзге жуығы жарақат алып, бірнешеуі ұшты-күйлі жоғалып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, танкерде 60 мың литрдей мазут болған. Бұрынғы Премьер-Министр Саад Әл-Харири осыған байланысты қазіргі үкіметті отставкаға кетуге шақырды. Бір жыл бұрын Бейрут айлағында да осындай жойқын жарылыс болып, сол кездегі үкімет басшысы биліктен кеткен болатын.