Гаитиде зілзала құрбандарының саны 1300-ге жетті

France Presse ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісінен 5700 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 3200-і ауруханада. Қазір құтқару-іздестіру операциясы жалғасып жатыр. Билік өкілдерінің айтуынша, үйінділер астында тағы адамдар болуы мүмкін.

Естеріңізге салайық, Гаити жағалауында 7,2 баллдық жер сілкінісі сенбі күні болған. Зілзала ошағы ел астанасы Порт-о-Пренстің солтүстігіндегі елді мекеннен 8 шақырым аумақта тіркелген. Апаттан ең көп Юг, Гранд-Анс пен Нипп департаменттері зардап шекті. Елдің премьер-министрі Ариэль Анри аймақта төтенше жағдай режимін жариялады.