АҚШ-та Ауғанстандағы ахуалға наразы халық Ақ үй алдында ереуілге шықты

АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстан жеріндегі ахуалға қатысты әзірге еш мәлімдеме жасаған жоқ.

Ал, Кабулдағы АҚШ елшілігінің өкілдері аймақтағы әуежайда атыс-шабыстың болғанын хабарлайды.

Айта кетейік, Құрама штаттары кеше елден дипломатиялық өкілдіктің 500 қызметкерін шығарды. Тағы шамамен 4 мыңға жуық азамат елден эвакуацияланады деп күтілуде.

Бұл туралы CNN ақпарат агенттігі хабарлайды. Ауғанстанда орын алған ахуалға Вашингтон тұрғындары наразы. Қолдарына жалау мен плакат ұстап шыққан америкалықтар Байденнің әрекетіне қарсылығын білдірді. Айтуынша, оның әскерді ауған жерінен шығару шешімі қате болды. Жиналған жұрт Ауғанстан тұрғындарына көмек көрсетуді талап етті.