423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауғанстан мен Өзбекстан шекарасында жағдай тұрақты

  • 607
  • UPD: 10:12, 16.08.2021
Ауғанстан мен Өзбекстан шекарасында жағдай тұрақты фото: lenta.ru

Канаданың Торонто қаласындағы Пирсон әуежайына ауған босқындары отырған ұшақ қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін кірмелер Канада билігімен жұмыс істеген. Жуырда Канада билігі тәліптерден бас сауғалап қашқан 20 мыңға жуық босқынды қабылдайтынын айтқан еді. Олардың қатарына бірінші кезекте Ауғанстанда Канада мүддесіне жұмыс істегендер, журналистер, құқық қорғаушылар мен саны аз діни ағым өкілдері кіреді.

Тағы шамамен 200 ауған азаматы Нью-Дели әуежайына қонды. Келгендердің арасында мемлекеттік қызметкерлер мен министрлер де бар.

Блиц:

- Кабулдан жаңа ғана келдім. Шаһарды тәліптер басып алды. Жаңа үкімет құрылады деп ойлаймын. Елдің жаңа басшысы кім болатыны әзірге белгісіз. Бәріміз күтіп отырмыз.

Ал, Пәкістан пен Ауғанстан шекарасындағы Торкхаме кеден бекеті жабық тұр. Салдарынан Хайбер-Пахтунхва провинциясына апарар жолда көліктердің ұзын-сонар кезегі түзілді. Ауған азаматтары Пәкістан аумағына кіре алмай тұр.

Ауғанстан мен Өзбекстан шекарасында да жағдай тұрақты. Кей ауған тұрғындары шекара асып Өзбекстан аумағына кіре алды. Халық бәрін тастап алды-артына қарамай қашқанын айтып отыр.

Ахмад Хаджи, Ауғанстаннан келген кәсіпкер:

- Отбасыммен келдім. 5 балам бар. Осы елдің визасы болды. Барлық туыстарым Ауғанстан жерінде қалды. Алда не күтерімізді білмеймін. Елге оралатынымызды да білмейміз.

Хабар 24 телеарнасы