Тәліптер Ауғанстанда «инклюзивті үкімет» құрмақ

«Талибан» қозғалысының мүшелері елде инклюзивті үкімет құрады.

Бұл туралы тәліптердің өкілі Сухаил Шахин хабарлады. Оның айтуынша, бұрынғы министрлер кабинетінен жаңа Үкіметке мүше болып кім кіретіні әзірше белгісіз. Сонымен қатар тәліптердің қатарына кірген тәртіп сақшылары мен полиция қызметкерлеріне қауіпсіздік қамтамасыз етілетінін де ескертіп отыр.

Сухаил Шахин, «Талибан» қозғалысының өкілі:

- Біз Кабулдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Халық пен ондағы мүліктің зардап шеккенін қаламаймыз. Адамдардың қауіпсіздігі үшін барлық шаралар қолға алыну керек. Инклюзивті билік Ауғанстан халқының қалауы.