423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Талибан» қозғалысы Ауғанстанда соғыстың аяқталғанын хабарлады

  • 183
  • UPD: 14:48, 16.08.2021
«Талибан» қозғалысы Ауғанстанда соғыстың аяқталғанын хабарлады LIGA.net

«Талибан» қозғалысы Ауғанстанда соғыстың аяқталғанын және тәліптердің толық жеңіске жеткенін хабарлады.

Бұл туралы осы ұйымның ресми өкілдері Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Билік басына келгендер аймақта қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халықтың жағдайын жақсартуға ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар тәліптер жаңа Үкіметке басқа саяси күштердің араласуын қаламайтынын да айтып отыр.

Мулла Барадар Ахунд, «Талибан» басшысының орынбасары:

- Біз жеңіске қол жеткіздік. Дәл осылай болады деп өзіміз де күткен жоқпыз. Бұл тарихта болмаған жағдай. Алайда кеудені қағудың қажеті жоқ. Алда талай сынақ күтеді. Халыққа қызмет ету керек.

Хабар 24 телеарнасы