Әуе компаниялары Ауғанстанның әуе кеңістігімен ұшуды тоқтатып жатыр

Ауғанстандағы ахуалға байланысты халықаралық әуе компаниялары ауған жерінің әуе кеңістігімен ұшуды тоқтатып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Lufthansa концерні осындай шешім қабылдады. Бұдан бөлек, Turkish Airlines пен Emirates ұшақтары Кабулға рейстерін тоқтатты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ауғанстанның азаматтық авиация басқармасы транзиттік ұшақтарға елдің әуе кеңістігін айналып өтуге кеңес берген болатын.