Өзбекстанда Ауғанстанның әскери ұшағы құлады

Бұл туралы «Хабар 24» өзбек елінің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті БАҚ өкілдері келтірген мәліметке сәйкес, ұшақ 15 тамыз күні Өзбекстанның оңтүстігіндегі Сурхандария облысында, ауған шекарасына жақын жерде құлаған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан кемі бір адамның зардап шеккенін көруге болады. Өз кезегінде Газета.uz басылымы Ауғанстанның екі сарбазы Термез ауруханасына жеткізілгенін айтады.