Таиланд локдаунды ұзартты

Таиланд билігі ел астанасы Бангкок пен індеттен ең көп зардап шегіп отырған 28 провинцияда локдаун мерзімін ұзартты.

Енді ол 31 тамызға дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін қоғамдық тамақтану орындары, сауда дүкендері мен қызмет көрсету мекемелері жабық болады. Ал кешкі тоғыздан таңғы төртке дейін коменданттық сағат орнайды.

Айта кетейін, аталған корольдікте өткен тәулікте 20 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. 182 кісі қайтыс болды.