Болашақ фермасы: ол қандай болады?

Венгрияда болашақтың фермасы таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ерекшелігі сол, дақылдарды шылқыған сусыз да өсіруге болады. Арнайы жасалған робот өсімдіктердің өсіп-жетілуін өзі қадағалап, кейін дайын көшеттерді шаруалардың бақылауына тапсырады екен. Жоба авторларының айтуынша, фермерлер роботпен бірге жұмыс істеуіне де болады. Тіпті, қажет болған жағдайда, автоматтандырылған процеске де қатыса алатын көрінеді.