Кот-д'Ивуарда Эбола дертіне қарсы вакцина егіле бастады

Кот-д'Ивуардың Абиджан қаласында Эбола індетіне қарсы вакцина егіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқылардың бірі болып дәріні медицина қызметкерлері қабылдап жатыр. Биліктің бұл шешіміне аймақта Эбола безгегіне шалдыққан науқастың тіркелуі себеп болды. Белгілі болғандай, дертке шалдыққан адам көрші Гвинеядан келген екен. Онымен қарым-қатынаста болған 9 тұрғын дәрігерлердің жіті бақылауында. Қазір елде Эбола ауруына қарсы 5 мың доза вакцина бар.