Зілзаладан есеңгіреген Гаитиге енді тропикалық дауыл жақындап келеді

Зілзаладан есеңгіреп қалған Гаитиге енді «Грейс» атты тропикалық дауыл жақындап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір аймақта жауын-шашын молайып, қатты жел соғып тұр. Мамандардың болжауынша, кей жерлерде су деңгейі жарты метрден асады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, нөсерден жер сілкінісінен далада қалған тұрғындардың уақытша лагерьлері су астында қалды. Дауылды бақылау орталығының мамандары болса аймақта су тасқыны мен лай көшкіні жүру қаупі бар екенін айтады.

Куәгер:

– Жағдайымыз өте қиын. Балаларыммен жауынның астында қалдық. Қай жерге барып паналайтынымызды білмейміз.