Нью-Йоркте тамақтану орындарына тек вакцина алғандар кіре алады

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында мейрамхана мен тамақтану орындарына тек коронавирусқа қарсы вакцина қабылдағандар кіре алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеу қыркүйектің 13-інен бастап күшіне енеді. Келушілер препараттың кем дегенде бірінші дозасын қабылдауы тиіс. Сонымен қатар фитнес, қоғамдық тамақтану орындарының барлық қызметкері екпе алуы шарт. Осы аптадан бастап аймақтағы көптеген ғимараттар QR-код арқылы жұмыс істейді.

Айта кетейік, тұрғындар вакцина қабылдағандарын арнайы қосымша немесе анықтама арқылы растай алады. Бүгінде шаһар тұрғындарының 60 проценті індетке қарсы екпе алған.

Сондай-ақ...