Мәскеу түбінде әскери ұшақ құлады

Ресейдің Мәскеу облысында жаңа үлгідегі ИЛ-112В әскери ұшағы апатқа ұшырады, «Хабар 24».

Бортында 3 адам отырған екен. 3-еуі де мерт болды. Олардың арасында Ресейдің еңбек сіңірген ұшқышы Николай Куимов бар. Апат экипаж мүшелері оқу-жаттығу жұмыстарын пысықтап жатқан кезде болған. Нақты себебі белгісіз. Кейбір мәлімет бойынша ұшақтың оң қозғалтқышы істен шығып, өртенген. Оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Негізі бұл әуе кемесі Халықаралық әскери-техникалық форумға қатысу керек еді.