Facebook тәліптердің парақшасын бұғаттайды

Facebook әлеуметтік желісі «Талибан» қозғалысын террористік ұйым деп санайтынын растады, сондықтан тәліптерді қолдайтын мазмұндағы ақпаратты таратуға және жариялауға тыйым салды.

Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.

«Талибан» қозғалысына Қазақстанда Жоғарғы ссоттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.

Компания «халықаралық қауымдастық шешімін» қолдайтынын мәлімдеді. «Талибан» қозғалысына АҚШ заңына сәйкес террористік ұйым ретінде санкциялар салынған. Сондықтан Facebook қауіпті ұйымдарға қатысты саясатқа сәйкес платформаны пайдалануға тыйым салған.

«Бұл тәліптер басқаратын немесе олардың атынан жұмыс істейтін парақшаларды бұғаттаймыз және оларды дәріптеуге, қолдауға және таныстыруға тыйым саламыз деген сөз», - деді компания өкілі.

Ол Facebook-те «Талибанға» қатысты мазмұндағы ақпаратты бақылау және жою үшін сарапшылардың арнайы тобы бар екенін баса айтты.

Бұл саясат Facebook платформаларына қатысты, әсіресе, Instagram мен WhatsApp.