Австрияда вирус таратқан 54 адам сотталды

Австрия астанасында коронавируспен күрес бойынша қатаң шаралар қолданылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл 54 адам індетті таратқаны үшін сотталды. Дені карантинді бұзған. Былтыр ол үшін 13 адам жазаға тартылған еді.

Айта кеткен жөн, Австрияда індеттің кейбір түрін тарату үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Оған жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы не қызылша секілді 50-ден аса ауру жатады. Былтыр бұл тізімге коронавирус та кірген болатын.