АҚШ билігі су тапшылығы мәселесі өршіп бара жатқанын айтып дабыл қағып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елдің батыс жағалауында 40 миллион тұрғынды тіршілік нәрімен қамтамасыз ететін Колорадо өзеніндегі су рекордтық деңгейге дейін азайған. Қазір оның мөлшері 40 процентке тең. Былтыр көрсеткіш 49 процент шамасында болған екен. Жағдайдың ушығуына қуаңшылық мен аномальді ыстық себеп. Сарапшылар болашақта әсіресе, Аризона штатының халқына қиын болатынын болжап отыр. 2022 жылы мұндағы су мөлшері 18 процентке азаяды деген қауіп бар. Салдарынан фермерлер шаш етектен шығынға батуы мүмкін. Ахуалдың ушығуына байланысты келесі жылдың басынан елдің батысындағы штаттарда cудың берілуі шектеледі.