425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауғанстанның бұрынғы президенті Өзбекстанға келген жоқ

  • 169
  • UPD: 08:48, 18.08.2021
Ауғанстанның бұрынғы президенті Өзбекстанға келген жоқ

Өзбекстан Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани мен өзге де саяси тұлғалардың республика аумағында жоқтығын хабарлады.

Бұл жөнінде көрші елдің сыртқы істер министрлігіне қарасты «Дунё» ақпараттық агенттігі мәлімдеді. «Соңғы уақытта БАҚ пен әлеуметтік желілерде Өзбекстан аумағында Ауғанстанның саяси қайраткерлері мен этникалық топ жетекшілерінің болуы туралы хабарламалар жариялануда.

Атап айтқанда, Ашраф Ғани, Абдурашид Дустум, Ата Мұхаммед Нұра және басқалардың есімдері аталады. Ресми мәліметтерге сәйкес, мұндай ақпарат шындыққа сәйкес келмейді делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы