425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ Кабулдағы қызметкерлерін көшіруді аяқтады

  • 115
  • UPD: 09:55, 18.08.2021
АҚШ Кабулдағы қызметкерлерін көшіруді аяқтады

АҚШ Кабулдағы дипломатиялық миссия өкілдерінің санын қысқартып, елге қайтатындарын көшіріп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Нед Прайс мәлімдеді. Ол ауған астанасында қалған дипломаттар америкалықтар мен Ауған жақтастарын көшіруге көмектесетінін жеткізді. Сондай-ақ Кабулға Ауғанстанда елші болған Джон Басс барады. Ол онда логистика жұмысына басшылық жасайды.

Нед Прайс, АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі:

– Біздің тобымыз ұшақтарды тез және тиімді толтыру үшін әскерилермен жұмыс істеп жатыр. Біз дипломаттар санын қажетті шекке дейін қысқарттық. Енді елшіліктен алып кететін басқа қызметкер жоқ. Қалдыратынын қалдырдық.

Хабар 24 телеарнасы