НАТО: Ауғанстан терроризмнің ошағына айналмауы керек

Талибан Ауғанстанды терроризм ошағына айналдырмауы керек. Бұл туралы НАТО-ның Ауғанстан жөніндегі кеңесінің Брюссельде өткен жоспардан тыс отырыс қорытындысының баспасөз мәслихатында аталған альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

Ол Ауғанстан Ұлттық әскері тез жеңіліске ұшырайды деп күтпегенін алға тартады. НАТО күштері Кабулдағы әуежай жұмысын әлі бақылауда ұстайды, себебі шетелдік және жергілікті әріптестерді көшіру қажет.

Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы:

– Ауғанстан қарулы күштерінің біраз бөлігі жан аямай соғысты, бірақ елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмады. Себебі Ауғанстанның саяси басшылығы Талибанға қарсы шыға алмады, бейбіт келіссөзге қол жеткізе алмады. Осы сәтсіздіктің соңы бүгінгі қасіретті жағдайға әкелді. Өзіміздің және ауған әріптестерімізді көшіріп болдық. Талибан елден кеткісі келетіндердің барлығына мүмкіндік беруі керек. Әуежайды, сондай-ақ жолдар мен шекара бекеттерін ашу қажет.