Калифорния штатында орман өрті басылмай тұр

Тілсіз жау Гризли Флэтс қаласына дейін жеткен.

Салдарынан қаланың ондаған ғимараты отқа оранды. Аймақтағы мектеп пен пошта кеңсесі күлге айналды. Апаттан екі адам жарақат алып ауруханаға түсті.

Естеріңізге салайық, «Калдор» деп аталған орман өрті өткен аптада тұтанған. Қатты жел тұрғандықтан, жалын 12 мың га жерге лезде шарпыған. Жүздеген адам эвакуацияланды. Аймақта төтенше жағдай режимі жарияланды.

БЛИЦ:

– Өткен түні қаламыздың отқа оранғанын өз көзімізбен көрдік. Үйім толық жанып кетті. Тұрып жатқан ауданда бірде бір ғимарат қалмады.

Боливияның Сан-Матиас қаласын да қою қара түтін басты. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін аймаққа тікұшақтар тартылған. Шаһар апат аймағы деп танылды. Сарапшылар жыл басынан бері Боливияда 24 мың гектар жер телімі өртенгенін хабарлайды.

Карлос Веларде, Виллярроэль Сан-Матиас қаласының мэрі:

– Бұл жер апатты аймақ деп танылып отыр. Елдің орталық билігі, ішкі істер министрлігі мен еріктілер күштерін біріктіріп табиғат апатымен күресіп жатыр. Өкінішке орай өртті бақылауға ала алмай отырмыз.

Алапат өрт Францияның Ривьера қаласында да ушығып барады. Осыған орай аймақтағы мыңдаған тұрғын мен саяхатшы өзге жерге кетуге мәжбүр болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, от 5 мың гектар жерге шарпыған. Апаттан 20-дан астам адам, түтінге тұншығып жарақат алды.

Сондай-ақ...