Талибан Джо Байденнің беделін түсірді

Ауғанстандағы билікті басып алған тәліптер Джо Байденнің беделін түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы сауалнама нәтижесі оның рейтингі АҚШ президенті атанған сәттен бергі ең төменгі көрсеткішке құлдырағанын көрсеткен. Америкалықтардың 46 проценті ғана Ақ үй басшысының қызметін оң бағалаған. Жергілікті ақпарат құралдары да Байденнің танымалдылығы Талибан Кабулға кіріп, билікті еш қарсылықсыз өз қолына алғаннан соң төмендегенін жарыса жазуда. Екінші бір сауалнамада АҚШ азаматтарының 50 процентке жетпейтін бөлігі Байденнің биыл Ауғанстандағы әскери және дипломатиялық істі басқарғанын құптайтынын білдірген.