425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Дунай өзенінде ерекше қайықтардың жарысы өтті

  • 119
  • UPD: 14:25, 18.08.2021
Дунай өзенінде ерекше қайықтардың жарысы өтті

Венгрияда дәстүрге айналған қайықтар жарысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл сайын ұйымдастырылатын ерекше доданың ережесі бойынша қатысушылар су көлігін қолда бар заттан жасап шығаруы тиіс. Сайыскерлердің бірі қатты қағаз, енді бірі бөтелке, шыны, бөшке немесе велосипедтің бөлшектерін қолданған. Талап бойынша қайық қоршаған ортаға еш зиян тигізбеуі тиіс. Жарыс Дунай өзенінің бойында өтті. Оның қорытындысы бойынша пицца пішіндес және мульфильм кейіпкерлеріне ұқсаған қайықтар ерекше көзге түсті.

Хабар 24 телеарнасы