COVID-19: АҚШ-та өткен тәулікте мыңнан астам адам көз жұмды

АҚШ-та ковид індетінін өлім-жітім көрсеткіші артып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елде соңғы тәулікте коронавирус індетінен 1 мыңнан астам адам көз жұмды. Сонда қауіпті инфекция сағат сайын 42 адамның өмірін жалмаған. Дәрігерлер аймақтағы эпидемиологиялық ауалдың күрт нашарлауына алаңдаулы. Таяуда елде міндетті маска тағу режимі 2022 жылдың 18 қаңтарына дейін ұзартылды. Осылайша мамандар адамдар көп шоғырланатын жерде вирустың таралуын тоқтатпақ ниетте. Жергілікті билік қоғамдық көліктерде, вокзал мен әуежайлардағы санитарлық талаптар қатаң сақталуы шарт деген талап қойды.

Айта кетейік, бүгінде АҚШ – вирус құрбандарының саны бойынша әлемде көш бастап тұрған ел. Елде пандемия басталғалы 629 мың адам осы кеселден қайтыс болды.