Вирустың «дельта» штамы 150-ге жуық елде анықталды

Коронавириустың тез жұғатын «дельта» штамы тіркелген елдер саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін ол 142 мемлекетте анықталса, бір апта ішінде көрсеткіш 148-ге жетті. Одан бөлек кейінгі күндері вирустың «альфа», «бета» және «гамма» штамдарының да таралу географиясы кеңейген.

Жалпы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде бір аптада коронавирусты жұқтырудың шамамен 4,5 миллион дерегі расталған екен. Ең көп оқиға Солтүстік және Оңтүстік Америкада тіркелді.