Түрікменстан тәліптермен үнемі байланыста екенін мәлімдеді

Түрікменстан Ауғанстанмен шекараны қорғау және бақылау бойынша «Талибан» қозғалысы өкілдерімен үнемі байланыста екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Ақпарға қарағанда, қазір екі ел шекарасындағы «Имамназар-Акина» мен «Серхетабад-Тургунди» тексеру бақылау бекеті қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Көлік және теміржол қатынасы да тұрақты. Бұдан бөлек Ашхабад өзінің Кабулдағы елшілігі мен Герат және Мазари-Шариф қаласындағы Бас консулдығы штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.