Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 209 миллионнан асты

Әлемде індет басталғалы коронавирус жұқтырғандар саны 209 миллионнан асты.

Бұл туралы америкалық Джонс Хопкинс университеті мәлім етті. Дертке шалдыққандар саны бойынша АҚШ, Үндістан, Бразилия және Мексика алда тұр. Құрама Штаттарда індет басталғалы ковид 19-ды жұқтырғандар қарасы 38 миллионға жетіп, 640 мың адам қайтыс болған. Ал Үндістанда науқастар саны 32 миллионға жетсе, Бразилияда 20 миллионанн асқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, өткен аптада әлемде вирус жұқтыру 2 процентке өскен.