424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Талибан»: Ауғанстан демократиялық мемлекет болмайды

  • 248
  • UPD: 09:58, 19.08.2021
«Талибан»: Ауғанстан демократиялық мемлекет болмайды

«Талибан» қозалысы Ауғанстанның демократиялық ел болмайтынын және мемкелеттің шариғат заңы бойынша өмір сүретінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәліптердің өкілі Вахидулла Хашимидің айтуынша, елді арнайы құрылған кеңес басқаратын болады. Жаңа биліктің діни көшбасшысы ретінде тәліптердің басшысы Хайбатулла Ахундзада тағайындалмақ. Сонымен қатар олар жаңа қаруланған күш жасақтамақ. Оған бұрынғы үкімет әскерінің сарбаздары мен офицерлеріне кіруге ұсыныс жасалып отыр.

Вахидулла Хашими, «Талибан» қозғалысының өкілі:

- Сарбаздардың көбі әскери дайындықты Түркия, Германия мен Англияда өткен. Олардың өз қызметіне кірісу үшін келіссіз жүргізіп жатырмыз. Әрине, әскер қатарында өзгерістер болады. Реформа жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы