Ауғанстанда тәліптерге қарсы шыққан үш адам көз жұмды

Ауғанстанның Жалалабад қаласында тәліптерге қарсы шыққан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Содырлар оларды атып өлтірген. Тағы ондаған тұрғын жарақат алған.

Куәгерлердің айтуынша, қақтығыс тұрғындар «Талибанның» желбіреп тұрған ақ жалауын алып, оның орнына мемлекеттік туды орнатпақ болған кезде басталған. Сондай-ақ ереуілшілер жаңа режимге қарсы ұрандар айтқан. Тәліптер наразы топты таяқпен және қару-жарақтың күшімен таратпақ болған. Қақтығыс кезінде бірнеше журналист те зардап шекті.