425,17 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Халықаралық валюта қоры Ауғанстанға көмек көрсетуді тоқтатты

  • 177
  • UPD: 10:11, 19.08.2021
Халықаралық валюта қоры Ауғанстанға көмек көрсетуді тоқтатты фото: eadaily.com

Ауғанстандағы қазіргі ахуалға байланысты Халықаралық валюта қоры осы елге бөлінетін қаржылай көмекті тоқтатып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келесі аптада қор ауған жеріне 400 млн доллар бөлу керек болатын. Халықаралық қауымдастықтың бұл шешіміне Ауғанстанның белгісіз статусы себеп болды.

Айта кетейік, тамыз айының басында Халықаралық валюта қоры пандемиядан зардап шеккен әлем экономикасын қалыпқа келтіру мақсатында 650 млрд доллар қаражат бөлу туралы шешімді мақұлдаған еді. Ауғанстан өзіне тиесілі 460 млн доллар үлесінің тек 52 млн долларын ғана иемденді. Ал, күні кеше ғана Ақ үй әкімшілігі де Ауғанстан орталық банкінің резервтерін уақытша бұғаттап, осы елге ірі көлемде доллар жеткізуді де тоқтатып тастады. Германия билігі де тәліптер билікті басып алса, мемлекетке қаржылай көмек көрсетуін доғаратынын ескертіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы