425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-та маска тағуды қаламайтын штаттар көп

  • 112
  • UPD: 10:55, 19.08.2021
АҚШ-та маска тағуды қаламайтын штаттар көп

АҚШ-та ковид індетінен қайтыс болғандардың саны рекордтық деңгейге жетіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы уақытқа дейін қатерлі індетті 37 миллионнан астам америкалық жұқтырып, 624 мыңы қайтыс болды. Елдің ауруларды бақылау және алдын алу ортылығы «Дельта» штамының таралуына байланысты дабыл қағып, маска тағуды қайтадан міндеттеу керек дейді. Алайда көптеген штаттар мұндай оймен келіспей отыр. Маска тағуға деген қарсылық, әсіресе, республикалық штаттарда тіркелуде. Қазіргі кезде қоғамдық орындарда бетперде тағу 50 штаттың бар-жоғы алтысында ғана міндеттелген.

«Сәйкесінше, ковидпен ауырғандардың дені маскасыз жүрген штаттарда тіркеліп отыр», - дейді мамандар. Айтуынша, оқу жылының басталуына дейін маска тағу протоколына көшпесек, елдегі эпиджағдай қатты өршуі мүмкін. Өткен аптаның өзінде ковидті жұқтырған балалардың саны 94 мыңнан асты.  

Элисон Аруоди, Чикаго қаласы денсаулық сақтау департаментінің өкілі:

- Осы аптаның жұма күнінен бастап Чикаго қаласы бойынша маска тағу міндеттеледі. Екі жастан асқан барлық азаматтар бетперде тағуы керек. Өйткені қаламыздағы вирусты жұқтырғандардың саны артып, эпиджағдай өршіп келеді. Түсіністікпен қараңыздар маска тағу уақытша ғана болатын протокол. Эпиджағдай түзелгеннен кейін барлығы қалпына оралады.

Хабар 24 телеарнасы